⚜Мемлекеттік басқару жүйесіне дарынды жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді. 📑 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталады. 📩Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. 📈Іріктеуге қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімі бар, мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес сертификатпен меңгерген және жалпы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. https://www.youtube.com/shorts/kYfNWjSBRkI 🔗Іріктеу 6 кезеңнен тұрады:
Кандидаттардың құжаттарын тапсыру; Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; Жағдаяттық есептерді шешу; Құзыреттіліктерді бағалау; Резервке іріктеу жөніндегі Сараптама комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу; Сараптама комиссиясы ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссия отырысында қарау
📌Іріктеу қорытындысы бойынша Резервке 50 адам қабылданады