Статья

№8 БЖМОРСМ КММ жаттықтырушыларының "Спартак" академиясында кәсіби тағылымдамасы

№8 БЖМОРСМ КММ жаттықтырушыларының "Спартак" академиясында кәсіби тағылымдамасы

№8 БЖМОРСМ КММ жаттықтырушыларының "Спартак" академиясында кәсіби тағылымдамасы. Ф. Ф. Черенкова 2025 жылғы 14-19 сәуір аралығында № 8 БЖСММ алты жаттықтырушы-оқытушысы-Р. Ж. Апжапбаров, Р. Ю. Мозговой, Дайрабаев Ә.С., Сабыров Д.М., Ахмедияр Д. С,. Мұхаметжанов М. А. — Ф. Ф. Черенков атындағы "Спартак" академиясында кәсіби тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама жоғары деңгейде өтті. Біздің мамандар академияның жетекші жаттықтырушыларынан құнды білім мен практикалық тәжірибе алып қана қоймай, жас футболшыларды даярлаудың заманауи әдістерімен танысты. Бұл тәжірибе алмасу біздің жаттықтырушыларымыздың біліктілігін арттырудың маңызды кезеңі болды.

№8 БЖМОРСМ КММ "Спартак" академиясымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Болашақта біздің жаттықтырушылар тұрақты негізде тағылымдамадан өтеді, ал академия өкілдері халықаралық турнирлерге қатысу үшін Астанаға келеді.

Сонымен қатар, №8 БЖМОРСМ КММ үздік тәрбиеленушілері . Ф. Ф. Черенков атындағы "Спартак" академиясының оқу базасына баруға және қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиындарынан өтуге бірегей мүмкіндік алады. Бұл жас спортшылар үшін керемет ынталандыру болады және олардың футбол мансабында жаңа белестерді ашады. Астана қаласының "дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-ге осы тағылымдаманы ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін Алғыс білдіреміз.

whatsapp-image-2025-04-30-at-130706-1.jpeg WhatsApp Image 2025-04-30 at 13.07.07.jpeg whatsapp-image-2025-04-30-at-130706-2.jpeg whatsapp-image-2025-04-30-at-130705-2.jpeg WhatsApp Image 2025-04-30 at 13.07.06.jpeg whatsapp-image-2025-04-30-at-130705-1.jpeg WhatsApp Image 2025-04-30 at 13.07.05.jpeg