Статья

БЖМОРСМ №8 (2014 ж.т.) командасы Қазақстан чемпионы атанды!

БЖМОРСМ №8 (2014 ж.т.) командасы Қазақстан чемпионы атанды!

IMG_0284.jpg Қазақстан Республикасының БЖСМ және БЖМОРСМ командалары арасында өткен чемпионаттың финалында БЖМОРСМ №8 (2014 ж.т.) командасы жеңіске жетті. Ақтық сында біздің жас футболшылар Орал қаласының командасымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

IMG_0283.jpg IMG_0287.jpg

Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Команда мүшелері жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және чемпиондық мінезді көрсете білді. Бұл жетістік – жаттықтырушылар мен ойыншылардың ұзақ мерзімді еңбегінің нәтижесі.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды: IMG_0288.jpgҮздік шабуылшы — Алдаберген Парасат

IMG_0289.jpgҮздік қақпашы — Бейсенов Айтуар

Аталған футболшылар турнир барысында ерекше шеберлік танытып, команданың табысына зор үлес қосты. Бұл жеңіс БЖМОРСМ №8 үшін маңызды жетістік болып, жас спортшыларға жаңа мақсаттарға ұмтылуға серпін берді.