Қостанай қаласында 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу кезеңі өтті.
Біздің мектептің намысын қорғаған құрама команда топтық кезеңде шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, жарыстың келесі айналымына сенімді түрде өтті. Енді СДЮСШОР командалары арасында ең мықтыларды анықтайтын шешуші финалдық кезең 2026 жылдың жазында болады.
Жас спортшыларымызды осы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы финалдық бәсекелерде жеңіс тілейміз!